Украина Ресей, Беларусь және Қазақстан құрған Кеден Одағының бірқатар келісімдеріне қосылуы мүмкін деп мәлімдеді Украина үкіметінің отырысында ел премьер-министрі Николай Азаров.
Ол үкіметке келісімдерге қосылу бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Украина Кеден Одағына мүше елдермен тауар айналымының қазіргі көлемін сақтап қалу үшін бұл одақта бақылаушы мәртебесіне ие болуды көздейді.
Бұған қоса Украина қараша айында Еуропа Одағымен бірқатар келісімдерге қол қоймақ ниетте. Олардың арасында еркін сауда айналымы туралы келісім де бар. Еуропа Одағы өкілдері Киевке не өздерімен, Кеден Одағымен әріптес болуы керек екенін бірнеше рет ескерткен.
Ал Ресей Украинаның Кеден Одағына кіргенін қалайды. Осы аптаның басында Украина премьер-министрі Николай Азаров пен Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Мәскеуде Украинаның Еуропа Одағымен келісімдер жасасуы және Ресеймен қарым-қатынасы туралы мәселелерді талқылаған.