Accessibility links

Алматы облысында жол апатынан 9 адам мерт болған


Батыс Қытай - Батыс Еуропа күрежолы бойындағы құмды дауыл кезіндегі жол апаты. Жамбыл облысы, 28 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Батыс Қытай - Батыс Еуропа күрежолы бойындағы құмды дауыл кезіндегі жол апаты. Жамбыл облысы, 28 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматы облысында жұма күні кешке қарсы бағытта келе жатқан екі автокөлік соқтығысып, апат салдарынан тоғыз адам қаза болған. Бұл туралы сенбі күні Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Алматы – Өскемен тас жолының 390-шақырымында соқтығысып қалған екі көлік те өртеніп кеткен.

«Жол-көлік апаты салдарынан екі көліктің жүргізушілері, Audi көлігіндегі төрт адам және Mistubishi көлігінде келе жатқан үш жолаушы қайтыс болған. Олардың арасында бір жасар нәресте мен 11 жасар бала бар» деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.

Апатқа ұшыраған көліктердің бірінде болған, түрлі жарақат алған сегіз жасар қыз бала ауруханаға жеткізілген.

Қазақстанда былтыр екі жарым мыңнан астам адам жол-көлік апатынан қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG