Ақтөбе облысы Хромтау қаласының тұрғыны Бибігүл Имроншоева Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы түрмеде (АК-159/25) отырған баласы Орзу Имроншоевті азаптады деген айыппен шартты мерзімге сотталған төрт адамның үкіміне қатысты аппеляциялық шағым берді. Ол «13 айыпталушының төртеуіне тым жеңіл жаза берді» деп есептейді. Ақмола гарнизонының әскери сотының тыңдауы тамыз айының ортасында аяқталып, сот процесінің анық-қанығы өткен аптаның аяғында жария болды.
«АРАСЫНДА ДЕМАЛЫП АЛЫП ҰРҒАН»
Түрме қызметкерлері тұтқынды ұзақ азаптап, қинап өлтіргені белгілі болды. Үкімде айтылғандай, бұл іс бойынша айыпталғандар 2012 жылдың 16 қазан күні таңғы сағат 10-нан бастап түскі үзіліске дейін қолы кісендеулі Орзу Имроншоевті кабинетке әкеліп ұрып-соққан. Оны резеңке таяқпен де, басқа арнайы құралдармен де, аяқ-қолдарымен де тепкілеп, ұрған. Олар Орзуды кезектесіп, арасында демалуға үзіліс жасап алып азаптаған.
Орзу азаптау кезінде бірнеше мәрте есінен танып, кіші дәретін астына жіберіп жатқан. Оның бетіне сулы шүберек жауып есін жидырып отырған. Кезекті азаптаудан кейін есін жимаған күйі төмендегі моншаға апарып суық сумен атқылап, кейін шланганы күртесінің жағасынан ішіне салып қойған. Есін жиған бетте кабинетке сүйреп әкеліп, азаптауды қайта жалғастырған.
Түскі асқа үзіліс болғанда Имроншоевті камераға сүйреп әкеліп, адам бойындай биікке керіп тастап, жалғыз қалдырған. Түрме қызметкерлері түстен кейін Имроншоевтің өліп қалғанын көрген.
13 АДАМ АЙЫПТЫ ДЕП ТАНЫЛДЫ
Бұл іс сотта ұзақ қаралды. Айыпты деп танылған бес адам түрмеге кетті, сегізі шартты жазаға кесілді. Түрменің оперативтік бөлімінің бастығы, 37 жастағы майор Перизат Байбосынов; осы бөлімнің аға уәкілі, 25 жастағы аға лейтенант Қуаныш Жанқұлов; тәртіп бөлімінің жедел уәкілі, 23 жастағы кіші лейтенант Дәурен Байдырахман алты жылға сотталды. Тексерушілер – 24 жастағы кіші сержант Медет Махамбетов пен 22 жастағы ефрейтор Ақжігіт Әбсәләмов бес жылға сотталды.
Тәртіп бөлімінің бастығы, 32 жастағы аға лейтенант Нұржол Жайылов; мекеме бастығының кезекші көмекшісі, 27 жастағы лейтенант Еркебұлан Оспанов; мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары, 27 жастағы лейтенант Айбар Әжібаев; әскери жасақтың бастығы, 27 жастағы кіші сержант Ерлан Анарбаев; түрмеде келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін кіші сержанттар – 23 жастағы Нариман Әбдіхалықов, 24 жастағы Алмас Есмұханов, 28 жастағы Асхат Мусин және 27 жастағы Самат Талғаров бес жыл мерзімге шартты түрде сотталды.
Іс бойынша айыпталғандардың бәрі қылмыстық кодекстің «Азаптаулар» деген бабының үшінші бөлімі, атап айтқанда «Лауазымды тұлғаның қасақана дене және (немесе) психикалық зардап шектіруі салдарынан жәбірленушінің абайсызда өлуі» деген бабы бойынша сотталды. Бұл бап бойынша айыпталатын ауыр қылмыс түрлері үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамау жазасы қарастырылған.
Қаза тапқан тұтқынның анасы Бибігүл Имроншоева сотталған 13 адамның төртеуінің ғана үкіміне қатысты шағым берді. Ол төртеуі жай «солдаттар». Оның айтуынша, «Сот бесеуіне лайықты жаза тағайындаған. Азаптау сияқты ауыр қылмыс жасаған адамға тек ерекше жағдайда ғана шартты жаза беруі мүмкін».
Азаттық тілшісі Нұржол Жайыловпен және басқа да шартты түрде сотталғандармен кездесе алмады. Бірақ шартты жазаға кесілген Айбар Әжібаевты қорғаған адвокат Аман Ысқақовпен сөйлесудің сәті түсті. Адвокат «кінәсіз болғандықтан, Әжібаевты толық ақтау қажет» дейді. Ол үкімге қатысты аппеляциялық шағым бергенін айтты.
– Әділ үкім шығармады, ешқандай талапқа сәйкес келмейді. Менің қорғалушым ол жерге басқа түрмеден жаңадан ауысқан, жұмысқа шыққанына үш күн ғана болған. Бұрын СИ-16 түрмесінде тексеруші болып істеген, кейін оны Жезқазғандағы колонияға ауыстырған. Оның (Әжібаевтың) жұмысқа стажер болып жаңа кіргенін тергеу кезінде Құсайыновтың өзі (АК-159/25 түрмесінің бастығы) айтты. Ал мемлекеттік айыптаушы оны жалпы тәртіптегі түрмеге сегіз жылға соттауды сұрады. Оның бұл түрмеде үш-ақ күн істегенін соттың ескергені жақсы болды. Бірақ мұның өзі дұрыс емес. Ол толық ақталып шығуы тиіс, – дейді адвокат Аман Ысқақов.
Бибігүл Имроншоеваның айтуынша, басқа сотталғандардың адвокаттары да апелляциялық шағым түсірген.
– Өз шағымымды әкелген кезде оларды сотта көрдім. Олар да шағымдарын тапсырып жатты, – дейді Бибігүл Имроншоева.
Орзу Имроншоевтің өліміне қатысты қылмыстық іс әуелі «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша қозғалып, кейін «Азаптаулар» бабына ауыстырылып, айыпталғандар осы баппен сотталды.
АЗАПТАУЛАР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары түрме және басқа түзету мекемелеріндегі тұтқындарды азаптау мен адамшылыққа жат басқа тәсілдермен қинау практикасы тоқтамай отырғаны үшін Қазақстан үкіметін биыл тағы сынады. Құқық қорғаушылардың айтуынша, азаптауға қатысты шағымның көбі сотқа жетпейді немесе тұтқынды азаптап өлтіргендер айыптау мен кісі өлтіру баптары емес, көбінесе өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша жауапқа тартылады.
Азаттық радиосы Орзу Имроншоевтің өлімі туралы ақпарат азаматтық белсенді Вадим Курамшин 2012 жылы 16 қазанда интернетте бірден шу көтерген соң жария болғаны жөнінде бұрын да жазған. (Бұл еркіндікте жүріп құқық қорғаған соңғы акциясы болатынын Курамшиннің өзі де білген жоқ. Ол құқық қорғаушылардың Варшавада өткен конференциясына қатысып, Қазақстан түрмелеріндегі азаптаулар туралы баяндама жасаған соң, қазанның 31-і күні тұтқындалды. Қазір Курамшин Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамансопка кентіндегі түрмеде отыр. Демократиялық күштер оны саяси тұтқын деп жариялады).
Азаматтық белсенді Руслан Оздоевтің Азаттық тілшісіне айтуынша, тергеушілер Имроншоевті азаптау ісінен «Қызметтік өкілетін асырып пайдалану» бабын алып тастамауы тиіс еді.
– Бұл арада қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану онсыз да болғандықтан, оларға «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» және «Азаптаулар» деген кем дегенде екі бап бойынша айып тағулары керек еді, – дейді Руслан Оздоев.
Оның айтуынша, әріптестерінің қылмысын тексерген ішкі істер министрлігі тергеушілері «қызметтік өкілеттігін асырып пайдалану» деген бапты алып тастап, олардың кінәсін жеңілдетті, ал прокуратура олардың ығына жығылды. Руслан Оздоевтың пікірінше, айыптыларды «Кісі өлтіру» бабы бойынша да соттау керек еді.
– Орзу Имроншоевті қасақана ұрып өлтіргені анық. Оны ұрып-соққандардың бәрі - ақыл-есі дұрыс адамдар, олар өз әрекеттерінің зардабын білмеуі мүмкін емес, – дейді Руслан Оздоев.
Оның айтуынша, Жезқазған түрмесі ғана емес, Қарағанды облысының басқа түрмелерінде де тұтқындарды осылай қорлап, қинайды. Руслан Оздоевтың айтуынша, тұтқындарды өлімші етіп ұрып-соғу тәсілдері де бір-бірінен аумайды. Оның ағасы Шәміл Ярославлевті де түрмеде азаптап өлтірген.