Армения президенті Серж Саргсян өз елінің Кеден Одағына қосылуға шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ол мұны сейсенбіде Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен жүргізген келіссөздер кезінде айтты. Саргсянның айтуынша, Ереван Еуразия экономикалық одағын құруға да қатысуға дайын.
Путин Саргсянның мәлімдемесін құптап, Арменияның "еуразиялық интеграциялық процестерге араласу шешімі мемлекеттер арасындағы екіжақты әрі өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайта түсетінін" айтты.
Өткен жылы Кеден Одағына мүше Ресей, Қазақстан және Беларусь жаңа құрылым - Бірыңғай экономикалық кеңістік құруға кіріскен. Үш ел басшыларының мәлімдеуінше, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің басты мақсаты - 2015 жылға қарай Еуропа Одағы үлгісіндегі Еуразия экономикалық одағын құру.
Ресей Кеден Одағы мен оның аясындағы интеграциялық процестерге постсоветтік мемлекеттерді қатыстыруды көздейді.