Accessibility links

Камбоджа оппозициясы сайлау нәтижесін мойындамайды


Камбоджа оппозициясының лидері Сам Раинси.
Камбоджа оппозициясының лидері Сам Раинси.
Камбоджадағы парламент сайлауында премьер-министр Хун Сеннің партиясы жеңді. Хун Сен елді 20 жыл басқарып отыр. Бұл туралы ақпарат агенттіктері елдің сайлау комиссиясы мәліметтеріне сүйеніп хабарлады.

"Франс-пресс" басылымы сайлау нәтижесі оппозиция қарсылығын тудырғанын хабарлады. Оппозиция өкілдері дауыс санағанда көптеген алаяқтық болғанын айтады.

Комиссия мәліметі бойынша, премьер-министр Хун Сеннің "Камбоджа халық партиясы" парламенттен 68 орын алса, Сам Раинсидің "Ұлтты құтқару" партиясы 55 орын иеленген. Раинси – Францияда оқыған бұрынғы банкир.

Билік партиясы үшін бұл - сайлаудағы ең нашар нәтиже.
XS
SM
MD
LG