Accessibility links

Қазақстан халық-аралық ұйымдар сынымен келіспейді


Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
"Қазақстан туралы халықаралық ұйымдар дайындаған есептердің барлығы бірдей шындыққа сай бола бермейді" деп мәлімдеді Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

«Барлығы да біздің еліміздегі жағдайға қатысты әзірлеген мониторинг, баяндама, есептерін халықаралық ұйымдарға жөнелтеді. Яғни олар бұл саладағы Қазақстан туралы қоғамның ой-пікірін қалыптастырады. Бірақ, біздің пікірімізше, аталған үкіметтік емес ұйымдардың, соның ішінде шетелдік үкіметтердің де есептерінің барлығы бірдей шындыққа сай келмейді. Олар тек ел әлі де жұмыс жүргізіп отырған проблемаларға ғана назар аударады, әрі оны Қазақстанның саяси реформа жүргізуге құлықсыздық танып отырғандығын сипаттайтын дерек ретінде көрсетеді» дейді ол.

Министр халықаралық ұйымдарды «мемлекет қол жеткізген көрнекті нәтижелерді байқамайды не ол жайында үнсіз қалғанды жөн көреді» деп сынады. Ол сонымен бірге «Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың тырысып бағуынан пайда да көріп отырғанын» айтқан.

Ерлан Ыдырысов қазір жүздеген халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар Қазақстанның құқық қорғау секторымен серіктестік орнатып, гранттар негізінде Қазақстанның демократиялық дамуы саласында жұмыс істеп жатқанын айтты.

Халықаралық құқық қорғаушы ұйымдардың биылғы жариялаған баяндамаларында Қазақстанда адам құқығының жағдайы сақталмай отырғаны сыналған еді. Қазақстанда босқындар құқығы, азаматтардың діни еркіндігі мен діни азшылықтардың құқықтары бұзылатыны, түрмедегі азаптау, азаматтық қоғам белсенділері мен саяси оппозицияны қудалау және сөз бостандығына қысым жасау оқиғалары тыйылмай келе жатқаны айтылған.
XS
SM
MD
LG