БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше бес мемлекет Сирияның химиялық қаруын жоюды қарастыратын қарар жобасына келісім білдірді. Бұған дейін АҚШ пен Ресей Сириядағы химиялық қаруды жою туралы бір шешімге келе алмай, бірнеше рет келіссөздер өткізген еді.
Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, қарарда егер Сирия АҚШ пен Ресей жасаған келісім бойынша химиялық қаруын халықаралық қауымдастықтың бақылауына өткізбеген жағдайда Дамаскіге қарсы санкция салу немесе күш қолданылатыны туралы айтылмаған. Құжатта мұндай шаралар көрілу үшін Қауіпсіздік кеңесі басқа қарар қабылдауы қажеттігі айтылады.
БҰҰ қарары 27 қыркүйек, жұма күні кешке қарай дауысқа салынуы мүмкін.
АҚШ пен Ресейдің қатысуымен бұған дейін жасалған келісім бойынша, Сириядағы химиялық қару бір жыл ішінде жойылуы тиіс.
Сирияда 21 тамызда бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қару – зарин газы қолданылғаны туралы БҰҰ сарапшыларының қорытындысы қыркүйектің 16-сы күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде таныстырылған еді. Газ шабуылынан Сирияда жүздеген адам қаза болған.