Пәкістанның Пешавар қаласының базарында болған екі жарылыстан 33 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жараланды.
Жергілікті полиция бастығы "қаза тапқандар арасында бірнеше әйелдің бар екенін" айтты.
Қазір шабуылды жасағандар іздестіріліп жатыр. Полиция әзірге жарылысты жанкешті жасады ма, әлде жарылғыш зат толтырылған көлік жарылды ма - анықтай алмай отыр.
Өткен жексенбіде Пәкістанда жанкештілердің христиан шіркеуіне шабуылынан 82 адам қаза тапқан еді. Ал жұма күні автобуста болған жарылыстан 18 жұмысшы өлді.
Пәкістан үкіметі мұндай оқиғалар жиілеген шақта "Талибан" қозғалысы өкілдерімен қарулы күресті тоқтату үшін келіссөз жүргізуге тырысып жатыр.