АҚШ үкіметі бүгін бірқатар мемлекеттік мекемелердің жұмысын тоқтата бастады. Бұған АҚШ конгрессінің қазан айынан басталатын келесі жылдың бюджет жобасында келісімге келе алмауы себеп болған.
Соңғы 17 жылда федералдық үкімет конгресстің бюджет жобасын бекітуден бас тартуынан бірінші рет жұмысын тоқтатуға мәжбүр. 1 қазаннан бастап жүздеген мың мемлекеттік қызметкердің ақысыз демалысқа кетуіне тура келді.
АҚШ конгрессіндегі дағдарыстың стратегиялық маңызы бар салаларға қатысы жоқ. Мемлекеттік мекемелер жабылғанымен, ұлттық қауіпсіздік саласы, әуе қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты мекемелер жұмысын тоқтатпайды.
Мемлекеттік мекемелер жұмысын қашан қайта жандандыратыны белгісіз.