АҚШ президенті Барак Обама мен оған оппозициялық Республикашылдар партиясы жетекшілері арасындағы 2 қазанда бюджет дағдарысына қатысты өткен келіссөздер нәтижесіз аяқталды.
Конгрестегі көпшілігін демократтар құрайтын сенат пен республикашылдар басым өкілдер палатасы келесі жылдың бюджеті жобасына келісе алмай, 1 қазаннан бастап бірқатар үкіметтік мекемелер жұмысын тоқтатқан еді.
Келіссөздерге Обамадан өзге, оның Демократиялық партиясы жетекшілері де қатысты. Келіссөздерден кейін Республикашылдар партиясы мен Демократиялық партия жетекшілері бірін-бірі "бюджет дағдарысын шешу үшін мәмілеге келуге тырыспады" деп айыптады.
Бюджет жобасы бекітілмей, 1 қазаннан бастап жүздеген мың федералдық мекемелер қызметкерлері ақысыз демалысқа жіберілген еді.
Келіссөздерге дейін Обама қаржыгерлерге "бюджет дағдарысының ұзаққа созылуы мүмкін екенін" ескерткен. Ол CNBC телеарнасына берген сұхбатында республикашылдар үкімет алатын қарыз көлемін 16 триллион 700 миллиард АҚШ долларынан асыруға келіспейінше, келіссөздер жүргізбейтінін айтқан.
Қарыз алу шегі ұлғаймаған жағдайда АҚШ үкіметі шығынын жаба алмай, мемлекеттік қызметкерлерге жалақы төлей алмай қалады.