Accessibility links

Халықаралық ұйымдар Әзербайжан сайлауына баға берді


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев президент сайлауында дауыс беріп тұр. Баку, 9 қазан 2013 жыл.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев президент сайлауында дауыс беріп тұр. Баку, 9 қазан 2013 жыл.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Еуропа кеңесі және парламентінің парламенттік ассамблеясы Әзербайжандағы 9 қазанда өткен президент сайлауына берген бағаларын жариялады.

ЕҚЫҰ бақылаушылары Бакуде өткен баспасөз жиынында "дауыс беру процесі кезінде кемшіліктер мен бірқатар мәселелер ұдайы байқалып отырғанын" айтты. "Ұйым алдындағы міндеттемелерін орындау үшін Әзербайжан сайлауда жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді жоюы тиіс" дейді ЕҚЫҰ.

Ал Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы сөз бостандығына қатысты кейбір мәселелер болғанына қарамастан сайлау ашық, әрі демократиялық түрде өтті деп баға берді.

Ресми дерек бойынша, қазірге дейін берілген дауыстардың түгелге жуығы саналып бітті. Оның қорытындысы бойынша қазіргі президент Ильхам Әлиев берілген дауыстардың 84,6 пайызын иеленген. Ал оппозициялық кандидат Джамиль Хасанли 5 пайыз дауыс жинаған.

Бірақ Джамиль Хасанли сайлау нәтижесімен келіспей, сотқа шағымданатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG