АҚШ президенті Барак Обама елді бюджет дағдарысынан шығарып, үкіметтік мекемелер жұмысына қайта кірісетін заң жобасына қол қойды. Осылайша АҚШ дефолттан аман қалды.
Дауға айналып, елді дефолтқа ұрындыра жаздаған заң жобасын Конгресс екі апта талқылады. 16 қазанда ғана Конгрестегі екі партия мәмілеге келді.
Ақ үйдің бюджет басқармасы "федералдық мекемелерде істейтін қызметкерлер бүгіннен бастап жұмысқа шығуы тиіс" деп мәлімдеді.
Бюджет жобасына қатысты қысқа ғана сөйлеген Обама республикашыл және демократ депутаттарға келісімге келгендері үшін алғыс айтып, "дәл қазір америкалықтардың сеніміне ие болатын уақыт екенін" ескертті.
Конгресс мүшелері 17 қазанға дейін үкіметтің қарыз алу шегін 16 триллион 700 миллиард АҚШ доллардан асыруы тиіс болған. Өйтпеген жағдайда АҚШ-та дефолт жарияланып, ол әлемдік қаржы дағдарысына қосымша себеп болатын еді.
АҚШ-тағы бюджет дағдарысының себеп-салдары туралы Азаттықтың "Бюджет дағдарысынан соң АҚШ мекемелері жабылды" атты мақаласынан оқи аласыз.