Accessibility links

Әзербайжан Ресейге Зейналовқа қатысты нота жолдады


"Егор Щербаковты өлтірді" деген күдікпен ұсталған Орхан Зейналов. Мәскеу, 15 қазан 2013 жыл.
"Егор Щербаковты өлтірді" деген күдікпен ұсталған Орхан Зейналов. Мәскеу, 15 қазан 2013 жыл.
Әзербайжан Ресейден Егор Щербаковтың өліміне күдікті ретінде ұсталған әзербайжандық Орхан Зейналовтың құқықтары бұзылмайтынына кепілдік беруді сұрады.

Бүгін Әзербайжанның Мәскеудегі елшілігі Ресей сыртқы істер министрлігіне Зейналовқа консулдық көмек көрсетуді сұрап, нота жолдағанын хабарлады.

Ресей полициясы Орхан Зейналовты 15 қазанда Мәскеу маңында, Егор Щербаков өлтірілді деген Бирюлево ауданында жаппай наразылық акцияларынан екі күннен соң тұтқындаған.

Щербаковтың өліміне қатысты жаппай наразылық акцияларына шыққандар полициямен қақтығысып, мигранттар жұмыс істейтін көкөніс қоймасын қиратпақ болған. Бұдан соң осы ауданда 1600-ге тарта мигрант ұсталып, көкөніс қоймасы уақытша жабылған.

Бүгін өткен сот отырысында Орхан Зейналов Егор Щербаковке "өзін қорғау мақсатында" пышақ салғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG