Accessibility links

Сноуден: Құпия материалдарды Ресейге әкелмедім


Эдвард Сноуден, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы тыңшысы. Мәскеу, 9 қазан 2013 жыл.
Эдвард Сноуден, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы тыңшысы. Мәскеу, 9 қазан 2013 жыл.
АҚШ қауіпсіздік қызметінің бұрынғы агенті, Ресейде тұрып жатқан Эдвард Сноуден Ресейге АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің құпия материалдарын жеткізбегенін мәлімдеді. Бұл туралы ол New York Times басылымына берген сұхбатында айтты.

Сноуденнің айтуынша, ол барлық құпия құжаттарды Гонконгте жүрген кезінде журналистерге беріп кеткен, Мәскеуге олардың бірде-бір көшірмесін әкелмеген. Ол бұған қоса құпия материалдарды "Қытай барлау қызметің қолына түсуден де сақтағанын" айтады. "Ресейдің я Қытайдың бұл құжаттарды алуға еш мүмкіндігі жоқ" деген ол сұхбатында.

New York Times басылымы Сноуденнен сұхбатты бірнеше апта бойы бөліп-бөліп жазып алғанын айтады. Ол сұрақтарға интернет арқылы құпия таңбалармен жауап берген.

Басылымның жазуынша, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі Сноуденнің сұхбатта айтқандарына қатысты түсінік беруден бас тартқан.

Эдвард Сноуден Ресейден биыл тамызда бір жылға баспана алған. АҚШ Сноуденді құпия құжаттарды ұрлады деп айыптап, Ресейден оны қайтаруды талап етеді.
XS
SM
MD
LG