Лондонда орналасқан Save the Children халықаралық қорының жаңа есебі бойынша, әлемде соңғы жиырма жылда бала өлімі әжептәуір азайған.
75 мемлекеттегі ахуалға талдау жасаған қордың есебінше, 1990 жылы әлемде 5 жастан кіші 12 миллион бала шетінеген. Ал 2012 жылы ол көрсеткіш 6 миллион 600 мыңға дейін төмендеген. Бірақ әлем елдері БҰҰ-ның 2015 жылға қарай бала өлімінің үштен екісін азайту межесін орындай алмай келеді.
Ұйым "Нигер қуаңшылық пен тиісті ресурстар тапшылығынан зардап шегіп отырғанына қарамастан 1990 жылдан бері бала өлімін екі есеге азайтып, үлкен жетістікке жеткенін" айтады.