Accessibility links

WP: Пәкістан пилотсыз ұшақ шабуылын мақұлдаған


Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф (сол жақта) пен АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 23 қазан 2013 жыл.
Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф (сол жақта) пен АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 23 қазан 2013 жыл.
Washington Post (WP) газеті Пәкістан мен АҚШ үкіметтерінің құпия құжаттарына сілтеме жасап, "Исламабад бірнеше жыл бойы Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) солтүстік-батыс аймақтарында пилотсыз ұшақтардан шабуыл жасауына рұқсат беріп келгенін" хабарлады.

Басылым бүгінгі санында "ЦРУ-дың терроризммен күрес орталығынан алынған деректер екі ел арасында 2007 жылдан 2011 жылға дейін пилотсыз ұшақтар шабуылына қатысты құпия келісім болғанын көрсетеді" дейді.

Пәкістан мен АҚШ үкіметі басылымдағы ақпаратқа қатысты әзірге түсінік берген жоқ.

Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф кеше АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуінде одан пилотсыз ұшақтар шабуылын тоқтатуды сұраған еді.
XS
SM
MD
LG