Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым инспекторлары "Сирияның химиялық қаруы сақталады" делінген 23 нысанның екеуіне бара алмады. Бұл туралы ұйым өкілдеріне сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады.
Ұйым өкілдері 27 қазанға дейін химиялық қару сақталған нысандарды түгел тексеріп бітуі тиіс еді. Бірақ сол күнгі мәлімет бойынша, инспекторлар 21 нысанды тексеріп шыққан. Қалған екі нысанның маңында ұрыс жүріп жатқандықтан инспекторлар оларға бара алмаған.
Бұл екі нысанның қандай екені және қай жерде орналасқаны туралы ресми ақпарат жоқ. Бірақ аты-жөнін атамаған ұйым өкілі ол екі нысанның бірі - бос, екіншісі аса маңызды емес екенін айтқан. Химиялық қару сақталды деген орынның бірі Сафира қаласының маңында орналасқан. Онда көтерілісші топтар мен президент Башар Асад күштері арасында қақтығыстар жүріп жатыр.
Қыркүйекте АҚШ пен Ресей жасасқан келісім бойынша, Сирия келесі жылдың көктеміне дейін химиялық қаруын халықаралық қауымдастыққа тапсыруы тиіс.