Швейцариядағы Женева қаласында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты «алтылық» елдері (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция мен Германия) мен Иран өкілдері арасындағы келіссөздердің кезекті раунды басталады.
Екі күнге жалғасатын кездесуге «алтылық» делегациясынан Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Катрин Эштон қатысады. Иран жағынан сыртқы істер министрі Джавад Зариф қатыспақшы.
Осының қарсаңында Зариф «бұл жолғы кездесуде айтарлықтай табысқа жете алмасақ, ол соншалықты бір апат бола қоймас» деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, осы аптада Тегеран «алтылықпен» Иранның ядролық бағдарламасы бойынша шекті келісімдер жасауы мүмкін.
Сонымен бірге Зариф «келісімге келудің нақты мерзімін белгілеудің қажеті жоқтығын» айтқан.
Батыс елдері Иранды «ядролық қару жасауға ұмтылып отыр» деп айыптап келеді. Ал Тегеран ядролық бағдарламасы «тек бейбіт мақсатты көздейтінін» айтады.