Accessibility links

Косовоның бірнеше ауданында сайлау қайта өтті


Митровица қаласының тұрғындары дауыс беріп жатыр. Косово, 17 қараша 2013 жыл.
Митровица қаласының тұрғындары дауыс беріп жатыр. Косово, 17 қараша 2013 жыл.
Тәуелсіздігі жартылай мойындалған Косовоның негізінен сербтер тұратын Митровица қаласында муниципалдық сайлау қайта өтті.

Бұл қалада дауыс беру қарашаның 3-і күні деп белгіленген еді. Бірақ сайлау учаскелеріне дауыс беруге бойкот жариялаған серб экстремистері басып кірген. Экстремистер ғимарат ішін қиратып, сайлау жәшіктерін сындырған, бюллетеньдердің жартысын жойған. Косоводағы АҚШ елшісі Трейси Энн Джейкобсон, қайта сайлау өткізген билік қауіпсіздік шараларын күшейткенін айтты.

Митровицада тұратын, Косово тәуелсіздігін мойындамайтын этникалық сербтер сайлауға қатысқан жоқ. Көршілес Сербия үкіметі Косоводағы сербтерді сайлауға қатысуға шақырды. Өйткені бұл Еуропа Одағына (ЕО) мүше болып кіруге ұмтылып отыр. ЕО серб үкіметінен Косовомен қарым-қатынасын жақсартуды талап еткен.
XS
SM
MD
LG