Қостанай қалалық соты судьясы Мұрат Адам осы қала тұрғыны Александр Герасимовтың Қостанай облыстық ішкі істер департаментіне қарсы шағымы бойынша шешім шығарды. Сот шағымданушының моральдық шығын шеккенін мойындап, оған 2 миллион теңге (шамамен 13 мың доллар) төлеуге үкім етті.
Герасимовтың шағым түсіруіне БҰҰ-ның азаптауларға қарсы комитеті шешімі негіз болды. Қазақстандағы адам құқықтары бюросы Қостанай облыстық филиалының жетекшісі Анастасия Миллердің айтуынша, бұл - елде тұңғыш рет БҰҰ-ның азаптауға қарсы шешімін орындау бойынша өткен сот.
Александр Герасимов 2007 жылы 27 наурызда Қостанай полициясында соққыға жығылғанын айтып, облыстық ішкі істер департаментінен 100 мың евро көлемінде моральдық шығынын өндіріп беруді талап еткен. Оның азап көргені жайлы шағымын БҰҰ комитеті мойындаған.
Александр Герасимов сот шешіміне разы екенін, қайта шағымданбайтынын Азаттық тілшісіне айтты.
Анастасия Миллердің айтуынша, жауапкердің - Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің өкілі сот шешіміне орай шағым беретінін мәлімдеген.