Accessibility links

Азаров: Украина мен ЕО келісімге 2014 жылы қол қоюы мүмкін


Киевтегі наразылық шеруі. Украина, 24 қараша 2013 жыл.
Киевтегі наразылық шеруі. Украина, 24 қараша 2013 жыл.
Украина премьер-министрі Николай Азаровтың айтуынша, Киев пен Брюссель Еуропа одағымен (ЕО) ассоциация туралы келісімге келер жылдың басында өтетін ЕО мен Украина саммитінде қол қоя алады.

Телеарнаға берген сұхбатында Азаров "ЕО Украинадағы экономикалық жағдайға түсіністікпен қарайтынын" және "келісім жасасудан бас тартпағанын" айтты.

Өткен аптада Киев 28-29 қарашада Вильнюсте өтетін ЕО-ның "Шығыс ынтымақтастығы" саммитінде ЕО-мен ассоциация туралы келісім жасауға дайындықты тоқтататынын хабарлаған еді. 22 қарашада ЕО-ның сыртқы кеңею істері бойынша комиссары Штефан Фюле келісімге келесі жылы да қол қойылуы мүмкін екенін айтқан.

Азаров "үкіметтің келісімнен бас тарту шешімін трагедияға балап, елдегі саяси және әлеуметтік жағдайды дүрліктіріп жатыр" деп оппозицияны кінәлады.

Қарашаның 21-інен бері Украина оппозициясы Еуропа Одағымен келісімнен бас тартқан билік шешімімен келіспей наразылық шерулерін өткізіп келеді. Жексенбіде Киевте 10 мыңдай адам Еуроодақ пен Украинаның туын ұстап Киев орталығынан жүріп өткен.
XS
SM
MD
LG