Accessibility links

Совет диссиденттерін қорғаған заңгер дүние салды


Адвокат Семен Ария Мәскеудің Преображенск сотында. 21 сәуір 2009 жылғы сурет.
Адвокат Семен Ария Мәскеудің Преображенск сотында. 21 сәуір 2009 жылғы сурет.
СССР-дегі диссиденттерді қорғаған заңгер Семен Ария 90 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Мәскеудегі Заңгерлер палатасы төрағасының орынбасары Юрий Боровковтың айтуынша, Ария 24 қазанда ұзаққа созылған науқастан көз жұмған.

Ария қорғаған советтік диссиденттер арасында Андрей Сахаров та бар. Ария СССР ыдырағаннан кейінгі жылдары сотта ресейлік бұрынғы магнат Борис Березовскийді, зерттеу жұмыстарымен айналысқан танымал журналист Александр Минкинді, ресейлік танымал актерлер Ролан Быков пен Наталья Фадееваны қорғады.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Мәскеудегі Заңгерлер палатасы Ария медалін тағайындады. Медаль үш жылда бір рет елдегі ең танымал заңгерлерге беріледі.
XS
SM
MD
LG