Жапония мен Оңтүстік Корея билігінің мәлімдеуінше, екі елдің әскери әуе күштері Қытайдың Шығыс Қытай теңізінде құрған әуе қорғанысы аумағын бұзып кірді. Кеше жаңа территория үстінен Жапония жағалу күзетінің ұшағы ұшып өткен. Ұшақ Пекиннің жаңа талаптарына бағынбағанымен, ешқандай қарсылыққа тап болмаған. Оңтүстік Корея әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары да жаңа аумақ үстінен ұшып өткен.
Өткен сенбіде Қытай жаңа әуе қорғанысы аймағын құрып, одан өтетін ұшақтарға ұшу жоспары, қай елге тиесілі екендігі туралы ақпараттарды беруді және қытайлық диспетчерлермен үнемі байланыста болуды талап еткен. Талап орындалмаған жағдайда Қытай "төтенше қорғаныс шараларын" қолданатынын ескерткен.
Жаңа аумаққа Қытай, Жапония және Тайвань арасындағы даулы арал және Оңтүстік Корея өз аумағы санайтын, жартылай теңіз шайып жатқан таулы-жартасты аумақ та кіреді.
АҚШ Қытайдың жаңа әуе қорғанысы аумағын құру шешімін "статус-квосын өзгерту амалы" деп атады. 26 қарашада жаңа аумақ үстінен америкалық екі бомбалаушы ұшақ ескертусіз ұшып өткен еді.