Accessibility links

WP: АҚШ 5 миллиард телефон жазбасын тыңдайды


АҚШ ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуден. Мәскеу, 9 қазан 2013 жыл.
АҚШ ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы агенті Эдвард Сноуден. Мәскеу, 9 қазан 2013 жыл.
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (ҰҚА) күн сайын бүкіл әлемнен 5 миллиардқа жуық ұялы телефон жазбасын алып отырады. Бұл туралы агенттіктің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнен алынған құжаттарға сүйеніп Washington Post басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, ҰҚА тыңшылық жасайтын абоненттер арасында АҚШ-тан сырт елдерде жүрген америкалықтар да бар.

Сноуден берген құжаттарда ҰҚА іс жүзінде әлемдегі кез-келген абоненттің кіммен байланысқанын, қай жерде жүргеніне бақылау жасай алатыны айтылады. Қызметі мен адамның жеке өміріне қол сұғу деңгейі жағынан ҰҚА-ның ұялы телефондарға тыңшылық жасайтын бұл бағдарламасы агенттіктің бұған дейін жария болған өзге құпия бағдарламаларынан асып түседі.

Биыл жазда ҰҚА-ның тыңшылық жасайтын арнайы бағдарламаларын әшкере еткен Эдвард Сноуден Ресейден уақытша баспана алып, қазір сол елде тұрып жатыр. Ресейден оны қайтарып беруді сұрап отырған АҚШ билігі Сноуденге "мемлекеттік құпияны жариялаған" деген айып таққан.
XS
SM
MD
LG