Accessibility links

«Ажал жолындағы» лагерлер

Сталиндік жүйе кезінде тұтқындар ауыр еңбек азабын шеккен ГУЛАГ түрмелеріндегі сұмдықтар бүге-шігесіне дейін жазылып, оны айғақтайтын құжат-деректер жеткілікті болғанымен, «ГУЛАГ архипелагының» ақтаңдақ беттері әлі де көп. Солардың бірі – 1947 жылы солтүстік Сібір жазығы арқылы Ресейдің шығыс аймағына дейін салынады деп басталған, бірақ кейін аяқсыз қалған темір жол құрылысы «Ажал жолы» деп аталған. 1953 жылы Сталин өлген соң, миллиардтаған рубль мен мыңдаған адамның өмірін жалмаған 700 шақырымдық темір жол құрылысы тоқтап, аяқсыз қалған. Адамдар аз қоныстанған полярлық тайганың түкпірінде қалған мұндай лагерлер аз емес. Чех зерттеушісі Штепан Чернушек Сібірдің қиян түкпіріндегі аймақтың бүгінгі жағдайын суретке түсірген еді.

XS
SM
MD
LG