Accessibility links

Таиланд жаңа парламент сайлауын өткізуді ұсынды


Таиланд премьері Ийнглак Чинават баспасөз жиыны кезінде. Бангкок, 9 желтоқсан 2013 жыл.
Таиланд премьері Ийнглак Чинават баспасөз жиыны кезінде. Бангкок, 9 желтоқсан 2013 жыл.
Таиланд үкіметі бүгін парламент сайлауын 2 ақпанда өткізуді ұсынды. Таиланд премьер-министрі Ийнглак Чинават елде бірнеше аптаға созылған наразылық акцияларынан соң бүгін парламентті мерзімінен бұрын таратқан еді. Енді жаңа сайлау мерзімін сайлау комиссиясы мақұлдауы тиіс.

Елде мыңдаған адам Ийнглак Чинават үкіметін оның ағасы, экс-премьер Таксин Чинават бақылайды деп айыптап, бірнеше аптадан бері үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, наразылық акцияларын өткізіп келеді. Таиландта үкіметке қарсы толқулар басталғалы бері кемінде бес адам қаза тауып, 300-дей адам жараланды.

Қазір шетелде тұратын Таксин Чинаваттың үстінен Таиландта «коррупциялық әрекеттер жасаған» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланған» деген айыптар тағылып, іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG