Accessibility links

Қырғызстан: "Құмтөр" жайлы келіссөз өтіп жатыр


Қырғызстан премьер-министрі Жантөрө Сатыбалдиев.
Қырғызстан премьер-министрі Жантөрө Сатыбалдиев.
Қырғызстан премьер-министрі Жантөрө Сатыбалдиев "үкімет "Құмтөр" алтын кенішін игеруден түсетін үлестің көп бөлігіне иеленуді көздеп отыр" деп мәлімдеді.

Жантөрө Сатыбалдиев Азаттықтың Қырғыз қызметіне берген сұхбатында үкімет кеніштің 67 пайыз акциясын иелену үшін канадалық Centerra Gold компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқанын, бірақ шамамен 50 пайыз акция пакетіне ғана ие болуы мүмкін екенін айтты. Қазір қырғыз үкіметі кеніш акциясының үштен біріне ғана ие.

Сатыбалдиевтің сөзіне қарағанда, канадалық компанияға қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін салынған айып "жазалау шарасы емес, әдеттегі жағдай".

Қырғыз премьері бұған қоса Қырғызстан Өзбекстанмен арадағы 1400 километр шекарасын демаркациялау жұмыстарын жүргізіп жатқанын, оның 900 километр болатын бөлігіне қатысты келісімге алдағы үш айда қол қойылуы қажет екенін де айтты.

Оның сөзінше, Ташкент пен Бішкек Қырғызстанға газ импорттау мәселесін талқылап жатыр, бірақ әзірге тасымалдау бағасын келісе алмаған.
XS
SM
MD
LG