Ресейдің федералдық ғарыш агенттігінің хабарлауынша, 26 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 17.50 шамасында Байқоңыр ғарыш айлағының 81-алаңынан ресейлік «Протон-М» зымыраны ұшырылды.
Зымыран ресейлік телекоммуникациялық «Экспресс-АМ5» спутнигін ғарышқа алып шықты.
RIA Novosti агенттігінің ақпараты бойынша, спутник Ресей үкіметінің байланыс мұқтаждығын өтеу үшін, сандық телерадио және VSAT сигналдарын тарату үшін қолданылмақ.
Ресейлік "Протон-М" зымыраны осыған дейін биылғы шілде айында әуеде жарылып, улы гептил отыны төгілгесін Қазақстан үкіметі мен белсенділері тарапынан наразы мәлімдемелер жасалған болатын.
Биыл күзде Астанада құрылған "Антигептил" ұйымының мүшелері Байқоңырдан ұшырылатын ресейлік зымырандардың отыны ретінде гептилді қолданбауға шақырады. Олар бүгін Астанадағы Ақорда ғимараты алдында Қазақстан президентіне хат тапсыру акциясын өткізген.