Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Апта бейнелері: 23 - 28 желтоқсан
29 желтоқсан 2013 жыл, 11:34
Азаттық радиосы
Азаттық 23 - 28 желтоқсан аралығында Қазақстанда және әлемде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
1
23 желтоқсанда Ресейде жарияланған рақымшылықпен Pussy Riot панк-тобының мүшелері Надежда Толоконникова (оң жақта) мен Мария Алехина (сол жақта) түрмеден
бостандыққа шықты
. Олар Мәскеудегі құтқарушы Ғайса ғибадатханасында президент Владимир Путинге қарсы ән айтқаны үшін 2012 жылы тамызда "бұзақылық жасады" деген айыппен екі жылға сотталған еді.
2
Желтоқсанның 23-і Ресейде 95 жасында атыс қаруларын құрастырушы Михаил Калашников қайтыс болды. Ол құрастырған Калашников автоматы Ресейді әлемге танытқан символдардың біріне айналды. Калашников автоматының алғашқы нұсқасы Қазақстанның Матай станциясында
құрастырылған
.
3
Желтоқсанның 23-і күні Өзбекстаннан саяси себептермен қашып кеткен диссиденттер Гүлнара Каримованың Женевадағы үйіне кірген. Олар әлгі үйден сәнді әрі қымбат заттармен бірге «60-тан астам мемлекеттік музейдің картиналарын кездестіргенін»
мәлімдеді
.
5
Украинада оппозициялық белсенді әрі журналист Татьяна Чорновилді 25 желтоқсанға қараған түні Киевтің маңында белгісіз біреулер
соққыға жығып
кетті. Шабуыл жасалардан бірер сағат бұрын оның үкіметтегі коррупциялық істерге қатысты мақаласы жарияланған. Киев ауруханасына түскен 34 жастағы Татьяна Чорновил соққыға жығылуын «кәсібімен байланыстыратынын»
мәлімдеді.
6
Желтоқсанның 25-сі күні Маңғыстау облысының Шетпе стансасындағы теміржол жөндеушілері жиналып, ұжымдық шарт талаптарының орындалмағанына
наразылық білдірді
. Жұмысшылар «еңбек жағдайлары нашар, жалақылары мардымсыз, арнайы жұмыс киімдері сапасыз болғандықтан денсаулықтары жиі сыр бере бастағанын» айтады. Басшылық өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.
7
26 желтоқсанда Астанада "Антигептил" қозғалысының бірнеше мүшесі Қазақстан президенті әкімшілігіне Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырандарда гептил отынын қолданбауды талап еткен 1700-ге тарта адам қол қойған
хат тапсырды
. Белсенділер "Қазақстаннан зымыран ұшырғанда Ресейдегідей гептилден басқа жанармай түрлері қолданылуы тиіс" деп санайды.
8
26 желтоқсанда Алматыда "Тірек" құқық қорғау ұйымы "Жаңажылдық құттықтау" акциясын өткізіп, өздері саяси тұтқын деп таныған қамаудағы адамдарға
хат жолдады
.
9
Желтоқсанның 27-і күні Ақтөбе соты жергілікті журналист Игорь Кимді (Ларра) соққыға жыққан деп айыпталған Мирболат Сұлтановты 5 жыл 3 айға бас еркіндігінен айыру туралы
үкім шығарды
. Сол оқиғадан кейін екі айдан соң ауруханада қайтыс болған журналистің жесірі Наталья Ким (суретте) «Игорьді ұрып-соққан күдікті бірнеше адам сотқа тартылмағандықтан, бұл үкімге қанағаттанған жоқпын» деді Азаттыққа.
10
27 желтоқсанда Стамбулда Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның үкіметтегі коррупциялық тергеулерге байланысты отставкаға кетуін талап еткен
наразы жұртты тарату
үшін полиция көзден жас ағызатын газ және пластикалық оқ атып, су шашты. Наразылық акциялары сот үкіметтің полицияны тергеу жүргізетіні туралы әуелі жоғарыдағы басшыларын хабардар етуге міндеттейтін жаңа қаулы шығаруына тосқауыл қойған соң басталған.
11
27 желтоқсанда оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің әйелі Алма Шалабаева мен оның 6 жасар қызы Алуа
Италияға барды
. Олар Римде Италия сыртқы істер министрі Эмма Бониномен кездескен. Содан бірнеше күн бұрын Қазақстан құқық орындары Алма Шалабаеваға ешқайда кетпеу туралы қолхатпен ұстау шартын өзгертіп, шетелге шығуына рұқсат берген соң Эмма Бонино оның Италияға қайтып баруына көмектескен.
12
28 желтоқсанда Бүкілқытайлық халық өкілдері кеңесінің тұрақты комитеті 1980 жылдары енгізілген бала туу санын шектеу саясатын жеңілдететін
құжатты мақұлдады
. Жаңа құжатқа сай, енді егер ерлі-зайыптылардың бірі әке-шешесінен жалғыз болса, онда оларға екі бала тууға шектеу қойылмайды.
1 миллиард 350 миллионға жуық тұрғыны бар Қытай - әлемдегі халық саны ең көп мемлекет.
Апта бейнелері: 23 - 28 желтоқсан
XS
SM
MD
LG