Ұлыбританияда "жыныстық мақсаттағы іс-әрекет жасаған" деген айыппен қамалған қазақстандық таэквондошы Азамат Теңізбаев ақталды деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.
Қазақстан таэквондошыларының жаттықтырушысы Арман Чилмановтың айтуынша, Лондонның алқа билер соты 8 қаңтарда қазақстандық спортшыны ақтайтын шешім шығарған. Жаттықтырушы айыптаушы тараптың алқа сотын қазақстандық спортшының "айыпты екендігіне сендіре алмағанын" айтады.
Азамат Теңізбаев тамыз айында Мексикада өткен таэквондодан әлем чемпионатынан қайтып келе жатып Лондон әуежайына аялдағанда жолаушылардың бірінің шағымы бойынша ұсталған еді. Жолаушы қыз шағымында Теңізбаевты "жыныстық мақсаттағы іс-әрекеті" үшін айыптаған.
Тамыз айында Теңізбаев кепіл төлеп босатылған. Соңғы сот отырыстары қаңтардың 6-сы мен 8-і күндері өтті.