Францияның Экс-ан-Прованс қаласының соты Ресей мен Украинаның қазақстандық қуғындағы олигарх, оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязовты экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды. Сот шешіміне сәйкес Әблязов осы екі елдің біріне жөнелтілуі мүмкін. Судья экстрадициялауға қатысты Ресейге басымдылық берілетінін мәлімдеді.
Сот Әблязовтың қорғаушыларына Ресейге экстрадициялау бойынша апелляциялық шағым беру үшін 7 күн, Украина бойынша 5 күн уақыт берді.
Былтырғы 12 желтоқсанда франциялық прокурор Экс-ан-Прованс қаласының сотынан 50 жастағы қазақстандық қуғындағы олигарх, оппозициялық тұлға, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басты сыншыларының бірі Мұхтар Әблязовты Украинаға тапсыруды сұраған еді. Биылғы шілде айында Францияның оңтүстігінде ұсталған олигархты Украинамен бірге Ресей де сұратқан.
Әблязовқа кезінде өзі басқарған қазақстандық БТА банктен "6 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы жымқырды" және "қаржылық алаяқтық жасады" деген айыптар тағылған. Олигарх өзіне тағылған айыптарды мойындамайды және "саяси астары бар" деп санайды. Ол қазір оңтүстік Франциядағы Aix-Luynes абақтысында қамауда отыр.