Accessibility links

Франсуа Олланд басылымды сотқа бермек


Франция президенті Франсуа Олланд.
Франция президенті Франсуа Олланд.
Франция президенті Франсуа Олланд бүгін өзі туралы "актрисамен жақын байланыста" болды деп мақала жариялаған француздық Closer журналына қарсы сотқа жүгінетінін мәлімдеді. Олланд журнал материалын "жеке өміріне араласу" деп санайтынын айтады.

Closer апталық журналы мақалаға дәлел ретінде Париждегі көп қабатты үйлердің біріне келіп-кетушілерді бақылаған суреттерін қоса берген. Суреттердің бірінде үйге екі адамның кіріп бара жатқаны, оның бірі - президенттің өзі, екіншісі - оның оққағары екені айтылады. Басылым Олланд барған үйге барып шыққан әйел - актриса Джули Гайе деп жазды.

Франсуа Олланд қазір журналист Валери Триервейлермен азаматтық некеде тұрады.
XS
SM
MD
LG