Египет прокуратурасы биліктен тайдырылған президент Мұхаммед Мурси мен басқа 24 саясаткер, журналист, белсенді және заңгерге "сот билігіне тіл тигізді" деген жаңа айып тақты.
Былтыр жазда әскерилер биліктен кетіріп, қазір қамауда отырған Мурсиге осымен бесінші айып тағылып отыр. Оған бұған дейін "саяси бәсекелестерін өлтіруге арандатушылық жасады", "шетелдік ұйымдармен астыртын сөз байласты" және "түрмеден қашу әрекетін ұйымдастырды" деген айыптар да тағылған еді.
Бұл айыптар бойынша сот процесі ақпанда жалғасады.
Мурсиден өзге "сотқа тіл тигізді" деген айып танымал жастар белсендісі Алаа Абдел-Фаттахқа, бұрынғы депутат Мустафа әл-Наггарға, құқық қорғаушы Амр Хамза мен Амир Салемге де тағылды.
Айыптары дәлелденсе, оларға алты айға дейін түрмеде отыру жазасы кесіліп, айыппұл салынады.