Accessibility links

Сочиде терроризмге күдікті әйелді іздеп жатыр


"Ансар әл-Сунна" ұйымының интернетте жариялаған видеосынан көрініс. 20 қаңтар 2014 жыл.
"Ансар әл-Сунна" ұйымының интернетте жариялаған видеосынан көрініс. 20 қаңтар 2014 жыл.
Сочидің құқық қорғау органдары терроризмге қатысы бар деген күдікпен Рузанна Ибрагимова деген әйелді іздестіріп жатыр. Сочиде тұрып жатыр делінген күдікті әйелдің суреті бар парақтар таратылды.

CNN-нің хабарлауынша, полиция Солтүстік Кавказда әрекет ететін топ мүшесінің жесірі Рузанна Ибрагимованың қайда жүргенін анықтауға тырысып жатыр.

CNN тілшілері Сочидегі отельде қауіпсіздік қызметінің өкілдерінен күдікті әйелдің іздеуде жүргені туралы ақпарат жазылған парақ алған.

Ресейдің терроризммен күрес агенттігі интернетте пайда болған радикалды исламшыл содырлардың олимпиада ойындарында жарылыс жасайтыны туралы қоқан-лоққы жасаған видеосын тексеріп жатқанын хабарлады. Видеода өздерін Иракта әрекет ететін террористік "Ансар әл-Сунна" ұйымының өкілдеріміз деп таныстырған, орыс тілінде сөйлейтін екі жігіт Волгоградтағы жарылысты осы ұйым жасағанын мәлімдейді.

Желтоқсанның соңында Волгоградта екі жарылыс болып, одан 34 адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG