Accessibility links

Латвияда тұңғыш рет әйел адам премьер болды


Латвия астанасы Рига қаласы. (Көрнекі сурет)
Латвия астанасы Рига қаласы. (Көрнекі сурет)
Латвия парламенті елдің алғашқы әйел премьер-министрі Лаймдота Страуюманың басшылығындағы оңшыл коалициялық үкіметті бекітті.

Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Страуюманың кандидатурасы өткен жылы қарашада Ригада супермаркеттің шатыры құлауына байланысты премьер Валдис Домбровскис отставкаға кеткен соң ұсынылған еді.

Жергілікті ақпарат құралдары Страуюманы "Латвияның Меркелі" деп сипаттайды. Ол биыл қазанда өтетін жалпы сайлауларға дейінгі кезеңдегі премьерлік мерзімінде өзіне дейінгі премьер ұстанған бюджетті қатаң жоспарлау саясатын жалғастыруға уәде еткен.

Домбровискис супермаркеттің шатыры құлап, 54 адам қаза тапқан оқиғаға "саяси жауапты" екенін мәлімдеп, қызметінен кеткен. Ол қызметін Латвия еуро қолданатын аймаққа кірген 1 қаңтарға дейін атқарды.
XS
SM
MD
LG