Ресейден уақытша баспана алған АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден АҚШ-қа қайтып оралғысы келетінін білдірді. Бұл туралы ол 23 қаңтарда freesnowden.is сайтында жүргізген екі сағаттық чат кезінде мәлімдеді.
Бірақ ол қазір еліне оралу мүмкін емесін айтады. Оның айтуынша, АҚШ-та мемлекеттік деңгейдегі өкілеттікті теріс пайдалануды әшкере еткендерді қорғау туралы заң бар болғанымен, ол заң ұлттық қауіпсіздік саласының қызметкерлеріне жүрмейді.
Сноуден өзінің "тыңшы емес екенін", бұрынғы әріптестерін алдамағанын және олардың компьютерлеріндегі құпия сөздерді ұрламағанын айтады.
Кеше АҚШ-тың әділет министрі Эрик Холдер егер Сноуден өзіне тағылған айыптарға жауап беру үшін АҚШ-қа келуге келіссе, онда Сноуденнің адвокаттарымен оның мәселесін шешуді талқылауға дайын екенін мәлімдеген. Бірақ Холдер Сноуденге рақымшылық жасалмайтынын ескерткен.
Былтыр Сноуден АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің азаматтардың телефон және электронды байланыстарын құпия түрде аңдитын бағдарламасы барын әшкерелейтін деректерді бұқаралық ақпарат құралдарына берген. Бұдан соң ол АҚШ-тан кетіп қалып, Ресейден бір жылға уақытша баспана алған.