Accessibility links

Сирия үкіметі мен оппозициясы келіссөзге отырды


Сирия бойынша БҰҰ өкілі Лахдар Брахими БҰҰ штаб-пәтерінде сөйлеп отыр. Женева, 24 қаңтар 2014 жыл.
Сирия бойынша БҰҰ өкілі Лахдар Брахими БҰҰ штаб-пәтерінде сөйлеп отыр. Женева, 24 қаңтар 2014 жыл.
Сириядағы Башар Асад үкіметінің делегациясы Женевада оппозиция өкілдерімен келіссөздерді бастады.

Келіссөздерді жүргізуші модератор Лахдар Брахими "Азамат соғысы басталғалы Сирия үкіметінің өкілдері мен оппозиция бірінші рет бетпе-бет кездесті" дейді.

БҰҰ мәліметі бойынша Сирияда 2011 жылы басталған азамат соғысынан 100 мыңнан аса адам қаза тапқан.

Брахими келіссөздерде алдымен "атысты тоқтату, тұтқындарды босату, халықаралық гуманитарлық жәрдемге жол ашу" сияқты мәселелер талқыланатынын айтады. Ал саяси келіссөздер осы аталған мәселелер шешілген соң басталмақ.

Брахими осы аптаның бейсенбі және жұма күндері екі тараппен бетпе-бет кездесу туралы келіссөздер жүргізген еді.
XS
SM
MD
LG