Атырау тергеу абақтысында қамауда отырған бірнеше адам өздеріне қысым жасалуына наразылық ретінде тамырларын кескен деп хабарлады Қазақпарат.
Агенттіктің хабарлауынша, тұтқындардың өз денелерін жаралағаны туралы ақпаратты тергеу абақтысына дәрігерлік көмек көрсету үшін шақыртылған қалалық «жедел жәрдем» қызметі растаған. Дәрігерлердің айтуынша, барлығы 19 адамға медициналық жәрдем көрсетілген. Жаралы төрт адам травмотология бөлімшесіне әкелінген.
Тергеу абақтысында болған прокуратура өкілдері ондағы жағдай туралы түрме алдына жиналған журналистер мен тұтқындардың туыстарына ешқандай түсінік берген жоқ деп хабарлады ақпарат агенттігі.