Accessibility links

Севастопольде Украинадан бөліну жайы айтылды


Украина әскери-теңіз күштерінің «Гетьман Сагайдачний» фрегаты. Севастополь, 23 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Украина әскери-теңіз күштерінің «Гетьман Сагайдачний» фрегаты. Севастополь, 23 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Украинаның Севастополь қаласында бірнеше қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар Малороссия Федеративтік мемлекетін құру туралы қала тұрғындарына, Украинаның орталық және шығыс аймақтарының жергілікті кеңестеріне үндеу тастады. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

"Украинада билікті күшпен басып алу және мемлекеттік төңкеріс болу қаупі төніп тұрғандықтан орыс қоғамдық және саяси ұйымдарының штабында Севастополь қаласының жастар, спорт, саяси және қоғамдық ұйымдарының отырысы өтті. Севастопольде биліктің барлық тармағының қызметін үйлестіру мақсатында Севастополь үйлестіру кеңесі құрылды. Ал қоғамдық тәртіпті бақылау және қалада арандатуларға жол бермеу үшін жастар отрядтары құрыла бастады" деп мәлімдейді Севастополь үйлестіру кеңесі.

Жиында мемлекеттік төңкеріс немесе билікті күшпен басып алу әрекеті болған жағдайда Севастопольдің өзін-өзі анықтау құқығын пайдалана отырып, Украина билігіне бағынбауға шешім қабылданған.

Мәлімдемеде бұл шешімді 12 ұйым - "Русь Единая" партиясы, Севастополь және Таврия орыс ұйымдарының үйлестіру кеңесі", Севастополь орыс қауымы", "Біртұтас Русь үшін" қозғалысы, "Соболь" орыс қауымы және басқа ұйымдар қолдаған.
XS
SM
MD
LG