2013 жылы желтоқсан айының басынан бері Қарағандыдағы АК-159/1 тергеу изоляторына ауыстырылған диссидент, ақын Арон Едігеев (әдеби лақап аты – Арон Атабек) этаппен ешқайда жөнелтілмеген. Бұл жайында республикалық қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) Азаттық радиосына 2014 жылы 27 қаңтарда берген ресми жауабынан кейін белгілі болды.
Бұған дейін 18 жылға сотталған Арон Атабекті оның тұрғылықты мекені - Алматы қаласына жақын түрмеге ауыстыруы мүмкін деген хабар тараған еді. Ресми жауапта "Арон Едігеевті Алматы қаласындағы түзеу мекемелеріне ауыстыру туралы мәселе көтерілген емес" деп жазылған.
Арон Атабек 2013 жылдың желтоқсан айына дейін Қаражалдағы АК-159/22 жазасын өтеп келген. ҚАЖК сотталушының Қаражалдағы АК-159/22 мекемесіне қайта жіберілмейтінін айтты.
Ақын, диссидент Арон Атабек 2007 жылы қазан айында 18 жылға сотталған. Оған Алматы қаласының Шаңырақ ауылында полиция мен тұрғындар арасындағы қақтығысты ұйымдастырды деген айып тағылған. Билік өкілдері заңсыз салынды деп санайтын үй-жайларын бұзуға қарсы шыққан оқиғада тұрғындар полициямен қақтығысып, бір полицей өлген еді.
Биыл бірнеше қазақстандық құқық қорғау ұйымы Арон Атабекті саяси тұтқын деп жариялады. Ол түрмеде отырып Қазақстан демократиялық күштерінің "Азаттық" сыйлығын иеленген. Арон Атабек халықаралық "Шығармашылық еркіндігі" (Freedom to Create) сыйлығына да лайық деп танылған.