Accessibility links

Баласы адам қаққан шенеунік қызметінен кетті


Жол апаты. Алматы, 26 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет).
Жол апаты. Алматы, 26 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет).
Көлігімен адам қағып, кісі өліміне себепкер болған алматылық Мақсат Үсеновтің әкесі, "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының департамент директоры Қажымұрат Үсенов қызметінен кетті деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Мақсат Үсенов 2013 жылдың желтоқсан айында Алматы көшелерінің бірінде BMW X6 жеңіл көлігімен алты жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. Олардың бірі (23 жастағы Мұрат Қарабалин) оқиға орнында қаза тапқан, тағы бір адам ауруханаға түскен.

Кейін Үсеновтің үстінен "жолда жүру және көлік құралын басқару ережелерін бұзу", "жол-көлік оқиғасы болған орынды тастап кету" фактілері бойынша іс қозғалып, қамауға алынған еді.

Бірақ 22 қаңтарда Алмалы аудандық соты "жәбір көруші жақ пен айыпты жақ татуласып, өтемақы төледі" деп, Үсеновті босатқан.

Кейін интернетте Үсеновтің ісін қайта қарауды талап еткен петицияға қол жинау басталды. Онда ЭКСПО-2017 кермесіне байкот жариялауға және Үсеновтің әкесін қызметінен босатуға шақырған.

Компания өкілінің айтуынша, Қажымұрат Үсенов қызметінен өз еркімен кеткен.

Қазақстанда көлік апатында адам өлтіріп алған шенеуніктер немесе олардың балалары назарға жиі түседі. «Олар келісім жасап, кейде қоқан-лоқы арқылы істі сотқа жеткізбей бітіруге тырысады» дейді наразылар.
XS
SM
MD
LG