Accessibility links

АҚШ прокурорлары Царнаевқа өлім жазасын сұрамақ


Джохар Царнаевтың Rolling Stone журналында жарияланған суреті. АҚШ, тамыз, 2013 жыл.
Джохар Царнаевтың Rolling Stone журналында жарияланған суреті. АҚШ, тамыз, 2013 жыл.
АҚШ билігі Джохар Царнаевтың өткен жылы 15 сәуірде Бостон марафонында болған жарылыстарды жасағаны дәлелденсе, оны өлім жазасына кесуді сұрамақ.

АҚШ бас прокуроры Эрик Холдер Джохар Царнаевқа ең қатал жаза кесуді сұрайтын санкция берді.

Бостон марафонындағы жарылыстардан 3 адам қаза тауып, 264 адам жараланған еді. Жарылыстар АҚШ-та 2001 жылы 11 қыркүйекте болған терактілерден кейінгі ең ірі шабуыл болды.

Джохар Царнаев пен оның ағасы, полициямен атыста қаза тапқан Тамерлан Царнаев марафон аяқталатын кезде жарылыс ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Бірақ Джохар Царнаев кінәлі екенін мойындамайды.
XS
SM
MD
LG