Алматыда блогерлер Нұрәлі Айтеленов, Ринат Кибраев пен Дмитрий Щелоков "бұзақылық" айыбымен 10 күнге қамалды.
Олар осы күні Алматы әкімі Ахметжан Есімов блогерлермен бірге отырған мейрамхана маңына барып наразылық білдірген. Полиция наразы блогерлерді тұтқындап, олармен бірге Азаттық тілшісі Мәди Бекмағанбетті де ұстап, кейін журналисті босатып жіберген.
Әкім мен блогерлер кездесуінен соң әлеуметтік желілерде "әкіммен кездесуге тек билікшіл блогерлер ғана шақырылды" деген мазмұндағы жазбалар шықты. Алматылық блогердің бірі Владимир Лукашовтың осы кездесуге арнап салған карикатурасы интернетке тарап кетті.