Accessibility links

Назарбаев Қазақстан атауын өзгерту туралы айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысында мәдениет және қоғам өкілдерімен кездесуде. Атырау, 6 ақпан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысында мәдениет және қоғам өкілдерімен кездесуде. Атырау, 6 ақпан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6 ақпанда Атырау облысына сапары барысында, республиканың ресми атауы "Қазақ елі" деп өзгертілуі мүмкін деп мәлімдеді.

"Еліміздің атауында Орталық Азияның басқа да елдеріндегі сияқты "стан" деген жалғау бар. Шетелдіктер небәрі екі миллион халқы бар Моңғолияға қызығушылық танытады. Бірақ оның атауында "стан" жалғауы жоқ. Мүмкін, уақыт өте келе мемлекет атауын "Қазақ елі" деп өзгерту керек шығар. Бірақ мұны алдымен міндетті түрде халықтың талқысына салған жөн" деген Назарбаев облыстың мәдениет және қоғам өкілдерімен кездесуінде.

Президент Атырау облысына сапарында Назарбаев интеллектуалдық мектебіне, Атырау мұнай өңдеу зауытына барды.
XS
SM
MD
LG