Accessibility links

Украинадағы қарсылық жалғасты


Қорғаныс құралдарын ұстаған наразылар Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың баннерінің қасында тұр. Киев, 8 ақпан 2014 жыл.
Қорғаныс құралдарын ұстаған наразылар Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың баннерінің қасында тұр. Киев, 8 ақпан 2014 жыл.
8 ақпан күні мыңдаған адам Киевтегі бір баррикаданың маңына жиылды.

Баррикада қасында біраз уақыт тұрған соң, олар (2 мыңға жуық адам) Киев мэриясы ғимаратының жанындағы негізгі көшені жауып тастады.

Олар биіктігі үш метрлік баррикада тұрғызып, оны қорғап тұрған. Наразылардың басында каскалары, қолдарында қалқандары бар.

Бұл жердегі полициямен шағын қақтығыстар екі сағатқа созылған. Сенбі күні болған бұл оқиға Киевтегі үш айға созылған наразылықтың әлі басылмағанын көрсетті.

Осы уақыт ішінде не билік, не оппозиция мәмілеге келмеді. Қарсылық шерулері 2013 жылы қараша айында, ел президенті Еуропа Одағымен серіктестік келісіміне қол қоймай тастағаннан кейін басталды. Үкімет Ресеймен жақын қатынастар орнатуды көздейді.
XS
SM
MD
LG