Accessibility links

Царнаевтың соты қарашада басталады


Джохар Царнаевтың Rolling Stone журналында жарияланған суреті. АҚШ, тамыз, 2013 жыл.
Джохар Царнаевтың Rolling Stone журналында жарияланған суреті. АҚШ, тамыз, 2013 жыл.
Бостон марафонындағы жарылыстарды жасады деп айыпталған Джохар Царневтың сот процесі биылғы жылдың қараша айына белгіленді. Судья Джордж О'Тулдың айтуынша, алқа билер 3 қарашада анықталады. Бұған дейін, 10 ақпанда Царнаевтың адвокаттары оның сотын бір жарым жылға, келесі жылдың қыркүйегінен кейінгі мерзімге шегеруді сұраған еді.

20 жастағы Джохар Царнаевқа өткен жылы 15 сәуірде Бостонда өтіп жатқан марафонда екі жарылыс жасап, үш адамның қаза табуына және 264 адамның жаралануына байланысты айып тағылған. Тергеу деректері бойынша, Джохар Царнаевпен бірге оның ағасы Тамерлан Царнаев жарылғыш құрылғы жасаған.

Тамерлан Царнаев шабуылдан бірнеше күннен соң полициямен атыста оққа ұшты деп хабарланған.

Джохар Царнаев айыпты деп танылса, өлім жазасына кесілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG