Accessibility links

Наразылар Ұлттық банк басшысымен кездесті


Ұлттық банк алдында девальвацияға наразылық танытып тұрған топ. Алматы, 12 ақпан 2014 жыл.
Ұлттық банк алдында девальвацияға наразылық танытып тұрған топ. Алматы, 12 ақпан 2014 жыл.
Бүгін теңгенің күрт құнсызданғанына наразы бір топ белсенді Алматыда Ұлттық банктің төрағасы Қайрат Келімбетовпен кездесіп, девальвация зардаптарын жеңілдету үшін арнайы республикалық қоғамдық комиссия құруды талап етті.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Келімбетов ортақ республикалық комиссия құруға қарсы екенін айтып, оның орнына несие, ипотека шарттарымен жеке айналысатын, азық-түлік бағасымен бөлек айналысатын салалық комиссиялар құруды ұсынған. Оның сөзінше, ипотекалық проблемалармен айналысатын комиссия ендігі құрылып қойған және бүгін түстен кейін оның отырысы өтпекші.

Жиналған топтан кәсіпкер Қанағат Тәкеева ипотекалық мәселелерді қарайтын комиссияның бүгінгі отырысына қатысатын болды.

Келімбетовпен "Қазақстан мұсылмандар одағы" ұйымының жетекшісі Мұрат Телібеков, саясаткер Жасарал Қуанышәлин, белсенді Тазабек Сәмбетбай, барлығы алты адам кездескен.

Девальвацияға наразылар кеше де Ұлттық банкке келіп, Келімбетовтің отставкаға кетуін талап еткен еді.
XS
SM
MD
LG