15 ақпан күні таңертең Алматыдағы Абай ескерткіші маңына барған Азаттық тілшісі "ескерткіш пен Республика сарайы темір турникеттермен қоршалғанын, ол жерді 30 шақты полиция қызметкерлері торуылдап жүргенін" хабарлады.
Сағат күндізгі 12:00 шамасында Республика сарайы алдындағы Абай ескерткіші маңына ондаған наразы азамат келді. Қарсылық жиыны ескерткіш қоршалғандықтан, қоршау сыртында, Достық көшесінің тротуарында басталды.
Алғашқылардың бірі болып сөйлеген, өзін Розагүл Телебаева деп таныстырған белсенді жиналғандардың ешқандай саяси ұйымға жатпайтынын, жеке азаматтар екенін айтып, талаптары "проблемалық несиелерін жою" екенін мәлімдеді.
Түскі сағат 14:00 шамасында наразылардың қарасы молайып, жүзден асты.
ЕСІМОВТІҢ УӘЖІ
Осы сәтте жиылғандар арасына азаматтық белсенділер Қанағат Такеева, Жасарал Қуанышәлин, Дильнар Инсенова келіп, өздерінің Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовпен жолыққандарын айтты.
Жасарал Қуанышәлиннің айтуынша, Есімовке олар "проблемалық несиелерді жою, девальвациядан кейінгі қымбатшылықты болдырмау және мұқтаж азаматтарға Алматыдан 10 сотықтан жер беру" туралы үш талап қойған. Алматы қаласының әкімі проблемалық несиелерге қатысты үкімет шешімін күтіп отырғанын, әкімдіктің қымбатшылықты болдырмауға тырысатынын, Алматыда бос жер жоқ екенін айтқан.
Белсенділер "Есімовке келесі аптаның сәрсенбісінде қайта кездесуге ұсыныс жасағандарын, әкім оған "ойланайын" деп жауап бергенін" айтты.
"ШАЛ, КЕТ!"
Наразылар бұдан соң қоршаудан Абай ескерткішіне қарай өтпек болған. Алайда оларды полиция жібермеді.
Он шақты адам "Шал, кет!" деп айғайлады.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, "митингінің негізгі тақырыбы девальвация болған, жиылғандар теңгенің құнсыздануынан туындайтын проблемаларға қатысты наразылықтарын айтқан".
Митинг болып жатқан тұсқа әкімдіктің қар күрейтін техникалары келіп, наразылар Абай ескерткіші мен жүк көлігінің ортасында қалғандықтан, Республика алаңына қарай жылжыды.
Наразылар алаңға келген соң оларды полиция жаппай ұстай бастады.
"РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН ЖИЫН"
Полиция наразыларды ұстап жатқанда өзін "Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуроры Бауыржан Жұмаханов" деп таныстырған құқық қорғау органы өкілі жиналғандарға "рұқсатсыз жиын өткізген үшін әкімшілік кодекстің 373-бабы бойынша шара қолданылатынын, тарап кетуге тиіс екендерін" ескертті.
Полиция ұстағандардың саны жөнінде әлеуметтік желілерде "25-30 адам", "50 адам" деген расталмаған әртүрлі ақпарат татады.
Азаттық тілшісі полиция ұстап, Бостандық ауданының ішкі істер бөліміне апарған журналист Дмитрий Тихоновпен хабарласты.
- Ішкі істер бөлімінде болған кезімде полицейлерден естігенім - 27 адам ұсталған. Полицейлер оларға әкімшілік кодекстің 373-бабы, 1-тармағы бойынша (рұқсат етілмеген жиынға қатысқандары үшін - ред.) айыптар тағатындарын айтып жатты. Білетінім - ұсталғандар арасында белсенді Қанағат Такеева бар. Мені журналист ретінде босатты, - деді.
Азаттық тілшісі Бостандық ауданының ішкі істер бөліміне хабарласқанда кезекші "ақпарат бере алмайтынын" айтты. Өзін "подполковник Лузянин" деп таныстырған Алматы ішкі істер департаментінің кезекшісі де "ақпарат бере алмайтынын" түсіндірді.
Азаматтық белсенді Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, "Полиция қазір ұстап алған адамдарының қайсысы журналист, қайсысы белсенді екенін анықтап, босататындарын босатып, әкімшілік жазаға тартатындарын анықтағанша үш сағаттай өтеді. Жауапқа тартылатындар тізімі кешкі сағат алтыдан кейін ғана анықталады".
11 ақпан күні Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бұрынғы бағамын ұстап тұрудан бас тартып, доллар бағамын 185 теңге деп белгілеген еді. Ертеңінде девальвацияға наразылар кеше де Алматыда қалалық әкімдікке, Ұлттық банкке барып, қарсылықтарын білдірген.
13 ақпан күні наразылар қаладағы базарларда тауар бағаларының қымбаттап кеткенін айтып, Есімовтен бағаның қымбаттауына бақылау жасауды талап еткен еді.