Accessibility links

Бионикалық қол зәру жандардың үмітін оятты


Бионикалық протез үлгісін киіп алған пациент Деннис Аабо Соренсен (оң жақта) мен дәрігер Сильвестро Мичера.
Бионикалық протез үлгісін киіп алған пациент Деннис Аабо Соренсен (оң жақта) мен дәрігер Сильвестро Мичера.

Ғылымның дамуы арқасында бионикалық қол фантастикадан өмір шындығына айналды. Қолдан айрылған жандар жаңа протездің көмегімен затты ұстап, сезіну қабілетіне қайта ие болды.

ЖАСАНДЫ ҚОЛ

Деннис Аабо Соренсен 10 жыл бұрын фейерверк атамын деп сол қолынан айрылды. Содан бері ол ұстаған заттарын сезінуден қалды. Бірақ жаңа бионикалық технологияның арқасында 36 жастағы ер адам допты қағып алатын, заттарды ұстай алатын күйге жетті.

Данияның Ольборг қаласында жылжымайтын мүлік саласында қызмет ететін Соренсен жаңа протезді иеленген әлемдегі алғашқы адам болды. Жаңа протезді сынап көрі үшін Деннистің көзін байлап, жаңа қолымен заттарды ұстап көру арқылы сипап сезу мүмкіндігін тексерген.

«10 жылдан бері сипап сезу қасиетінен айрылып қалған едім. Олар менің «қолыма» алдымен бейсбол добын салды, оның домалақ, қатты, шар тәрізді зат екенін сезгенімде қатты қуандым» дейді Соренсен.

Қолынан айрылған соң дәрігерлер Соренсенге кәдімгі протез тағып берген еді, оның арқасында ол саусақтарын ашып-жұмып, заттарды ұстай алатын. Бірақ ол қолына алған затының
Бионикалық протездің көмегімен пациент пластик стаканды ұстап отыр.
Бионикалық протездің көмегімен пациент пластик стаканды ұстап отыр.
ерекшелігін сезіне алмайтын, сондықтан оны сындырып алмайын деп алаңдайтын.

Бір жыл бұрын хирургтер мен неврологтер Римдегі клиникалық зерттеулер кезінде жаңа бионикалық протезді Соренсенге орнатқан соң жағдай мүлде өзгерді.

Олар зерттеу нәтижесін өткен аптада «Science Translational Medicine» журналында жариялады. Профессор Сильвестро Мичера мен оның тобы Соренсеннің сол қолының жүйке тамырларына электродтарды енгізіп, оларды жасанды қолдың тетіктеріне жалғады. Компьютерлік алгоритмдер құрылғыдан алған электрлі сигналдарды жүйке тамырына жеткізіп отырды.

«Отбасым менің Римге барып, тәжірибеден өткенімді қалады. Ұлдарым мені кабель-жігіт деп атайды, себебі қолым толған сымдар ғой» дейді Соренсен.

Клиникалық тексеріс кезінде бір апта бойы протез электродқа жалғанып тұрды. Соренсен өзі ұстаған заттардың пішіні мен құрылымын қалай сезінгенін зерттеушілерге баяндап отырды.



«ӘЛІ ДЕ ЖЕТІЛДІРУ КЕРЕК»

Зерттеушілер нейро-протез саласында бірінші рет екіжақты сенсорлық байланыс орнатылғанын айтады. Бірақ олар ғылыми тұрғыда үлкен жетістікке жетсе де, «жетілген сенсорлы протездің жалпы саудаға шығару үшін әлі көп уақыт бар екенін» ескертеді.

Соренсен болашақ зерттеу жұмыстарына үлес қосуға даяр, ол өзінің психологиялық дайындығы зерттеуге көп көмектескенін біледі.

«Бұл өте ауыр тәжірибе, сынақ мерзімі ұзаққа созылады. Сіз 50-60 адамның ортасында отырасыз, олар көптеген деректер алғысы келеді. Оның үстіне, имплантаттарды енгізу, операция жасау және
Италиялық профессор Сильвестро Мичера.
Италиялық профессор Сильвестро Мичера.
электродтарды шығару сияқты жұмыстарға 30 күн кетті. Сондықтан бұған қатысатын адамның физикалық, психикалық дайындығы күшті болуға тиіс» дейді ол.

«Сол қолыңмен заттардың қасиетін сезініп, ерекше күйді бастан өткерген соң, оны қайтадан шешіп алғанда қиналдыңыз ба?» деген сауалға даниялық былай жауап берді: «Оныңыз рас, олар жасанды қолды менен шешіп алып қалды. Бірақ тәжірибе жұмысы соны талап етеді. Бұл жұмыс ғалымдардың протезді жетілдіріп, даярлауына көмектеседі. Мен сияқты қолынан айрылған жандар алдағы жылдарда жасанды қолды сатып алатын болармыз деп үміттенеді».

Антуан Блуаның мақаласын аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG