Accessibility links

Келімбетов: Банкроттық туралы ақпарат - жалған


Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін "бірнеше банк банкроттыққа ұшырайды" деген қауесетке қатысты түсінік берді.

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген Келімбетов тұрғындар арасында банктерге қатысты жалған SMS хабарламалар таралып, банк салымшыларының дүрлігуіне себеп болғанын айтты.

"Ұлттық банк бұл ақпараттың жалған, негізсіз, арандату екенін және ол еліміздің банк жүйесін тұрақсыздандыру мақсатында таратылғанын растайды" деді Келімбетов.

Қайрат Келімбетов банктерде жеке азаматтардың кез-келген валютада ашқан депозиттерін мемлекет кепілдендіретінін ескертіп, қазақстандықтарды "арандатушылық ақпараттарға ермеуге" шақырды.

Оның сөзінше, ұлттық банк мұндай арандатушылық әрекеттердің алдын-алуды сұрап, құқық қорғау органдарына жүгінген.
XS
SM
MD
LG